Сенбі күні Донецкіде сепаратистер тұтқынынан 35 украиналық әскери босатылды. Олар 51, 92 және 93-бригада құрамында қызмет атқарғандар. Бұл туралы Украина президенті Петр Порошенко Twitter-деі парақшасына жазды.
Бұған дейін тұтқындарды босату туралы орталықта қыркүйектің 13-і күнгі тізімде 853 украиналық әскеридің аты-жөндері көрсетілген еді. 408 сарбаз хабарсыз кеткендер санатында. 14 қыркүйекте – 73 тұтқын, 19 қыркүйекте – тағы үш сарбаз сепаратистер тұтқынынан босатылған.
Днепропетровск облыстық мемлекеттік әкімшілік жанындағы тұтқындармен алмасу орталығының мәліметтері бойынша, қыркүйектің 18-і күнгі деректерге сай, ресейлік жалдамалылар мен әскери қызметкерлер украиналық 803 сарбаз және қарапайы тұрғындар тұтқында ұстап отыр деп жазады «Зеркало недели» сайты.
Олардың 500-ден астамын ресейлік әскерилер 24-30 тамыз аралығында украиналық сарбаздарды қоршауға алған операция барысында ұстаған.