Accessibility links

Қазақстан Инчхонда төртінші алтын иеленді


Инчхондағы олимпиадаға қатысушы. Көрнекі сурет
Инчхондағы олимпиадаға қатысушы. Көрнекі сурет

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде қазақстандық Дмитрий Валандин 2:06,67 минут нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.

Ал 50 метрге брасс әдісімен жүзуде тағы бір қазақстандық Екатерина Руденко күміс медаль алды.

23 тамызда стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль иеленіп, семсерлесуде елдің әйелдер мен ерлер құрамасы командалық сында қола медальге қол жеткізген.

Бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамасы командалық жарыста теннис пен синхронды жүзу бойынша да үшінші орынға шыққан.

Қазір Қазақстан төрт алтын, үш күміс, тоғыз қола медалімен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға көтерілді.

XS
SM
MD
LG