Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан бесінші алтынын алды

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының жүлдесіне таласып жатыр. Суретте Қазақстан қақпашысы Александра Захарова Жапониямен ойында кезекті шабуылдан қорғанып жатқан сәті. Инчхон, 22 қыркүйек 2014 жыл.

Жүзуден қазақстандық Дмитрий Баландин Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Ол бүгін, 24 қыркүйекте 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия рекордын жаңартып (59.92 секунд), Азиада чемпионы атанды.

Баландин 23-қыркүйекте 200 метрге брасс әдісімен жүзуде де Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленген.

Бүгін бұған қоса у-шудан Қазақстан құрамасының мүшесі Ришат Лувеншо финалда ирандық Мохсен Мохаммедсеифиден ұтылып, күміс медальді болды.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан ұтылып, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Қазір Қазақстан құрамасында 5 алтын, 6 күміс, 13 қола медаль бар.
Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG