Accessibility links

Роухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйледі


Иран президенті Хассан Роухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2014 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2014 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани 25 қыркүйек күні БҰҰ Бас ассабмлеясында сөйлеп, "Таяу Шығысты, Орталық Азия мен Кавказды террористер мен экстремистер паналайтын орынған айналдырған - Батыс" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, "бұл - олардың стратегиялық қателігі" деді.

Хассан Роухани "экстремизмнің күшеюіне кінәлі белгілі бір елдер енді оған қарсы тұра алмай отыр" деді. Иран жетекшісі аймақтар "бұл қиын жағдайдан шығудың оңтайлы жолын өздері табуы тиіс" дейді. Ол әлем елдерінің бәрі "экстремизм қаупімен күреске бірігетініне" күмән келтірді.

Роухани бұған қоса, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жайын да қозғап, "ортақ келісімге шектен тыс талап қоюдан бас тарту арқылы ғана қол жеткізуге болатынын" айтты. Ол Батыс "талаптарын жеңілдетсе, қарашаға дейін түпкілікті келісім жасалып қалуы мүмкін" екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG