Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстандық ауыр атлет күміс алды


Қазақстандық ауыр атлет Мария Грабовецкая Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.

75 килограмнан жоғары салмақта жарысқа қатысқан ол қоссайыс қорытындысы бойынша 302 килограмм көтерді. Ал алтын алған Лулу Чжоудың (Қытай) көрсеткіші 334 килограмға тең.

Мария Грабовецкая 2008 жылы Пекиндегі олимпиада ойындарында дәл осы салмақта үшінші орын алған.

Қазір Қазақстанда Азия ойындарының 32 медалі (7 алтын, 8 күміс. 17 қола) бар. Азия ойындарында Қазақстан барлығы 20 алтын алып, командалық есепте төртінші орын алуды жоспарлап отыр.

Азиаданың жабылу салтанаты 4-қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG