Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде XXVII Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол бұл қашықтықты 27,78 секундта жүзіп өтті.
Баландин осыған дейін Инчхонда 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде де алтын медаль алған еді. Осылайша ол Қазақстанға үш алтын жүлде алып берді.
Қазақстан Азия ойындарының жеті күнінен кейін 8 алтын, 9 күміс, 17 қола медальмен жалпы есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан кейін төртінші орында тұр. Қазақстан құрамасы биылғы Азия ойындарында 20 алтынмен жалпы есепте төрттікке енуді жоспарлап отыр.
Азия ойындары 4 қазанда аяқталады. Келесі XXVIII жазғы Азия ойындары 2019 жылы Ханойда (Вьетнам) өтеді.