Accessibility links

Донецкіде 7 украин сарбазы оққа ұшты


Донецк әуежайына жақын маңда жүрген ресейшіл сепаратистер. 23 қыркүйек 2014 жыл.
Донецк әуежайына жақын маңда жүрген ресейшіл сепаратистер. 23 қыркүйек 2014 жыл.

Донецк әуежайында ресейшіл сепаратистер танкімен украин бронды техникасын қиратып, Украинаның жеті сарбазы қаза тапқан. Украина ақпарат құралдарының президенттің кеңесшісі Юрий Бирюковке сілтеме жасап хабарлауынша, тоғыз әскери жараланған.

Өткен тәулікте сепаратистер үкімет әскерінің бақылауындағы Донецк әуежайына танкімен бірнеше рет шабуылдаған. Антитеррорлық операциялар баспасөз орталығының Facebook-те хабарлауынша, Дебальцево, Трудовский аудандарындағы армия позициялары да шабуылдарға ұшыраған.

Үкімет күштерінің штабы украин әскерилері Мариупольдегі жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын айтады.

Донецкіде бүгін таңнан бері ауыр техникадан атылған оқ дауыстары естіліп жатыр. Донецк қалалық кеңесінің хабарлауынша, кеше тұрғын үйге снаряд түсіп, үш тұрғын қаза тапқан, бес адам жараланған.

Украина президенті Петр Порошенко Twitter-де тағы 30 украин сарбазының тұтқыннан босатылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG