Accessibility links

Гонконгте мыңдаған наразы көшеде тұр


Гонконгте мыңдаған наразы көшеде тұр
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:23 0:00

Қытайда коммунистік биліктің орнағанына 65 жыл толу қарсаңында (1 қазан), Гонконгте демократиялық талаптар қойған ондаған мың адам наразылық акциясын жалғастырып жатыр. Сейсенбіге қараған түнді тағы да көшеде өткізген олар тамақ-су, киім-кешек және шатырлар қамдап, кейбіреулері полиция тағы да күш қолдануы мүмкін деген сақтықпен баррикадалар тұрғызған. Банк мекемелері мен дүкендердің көбі жабық тұр. Бұған дейін полиция наразыларды тарату үшін газ шашқан еді. Дүйсенбі күні көшедегі наразы жұрт қатары көбейіп, Гонконг билігі «шерушілер сабырға келгендіктен» көшеден полицияны әкететінін мәлімдеген. Гонконгтегі наразылықтарға 2017 жылға белгіленген аймақ басшысын сайлауға қатысты Пекиндегі орталық үкімет енгізген шектеулер себеп болған. 1997 жылы Ұлыбритания Гонконгті Қытайдың қоластына қайтарған кезде Пекин «бір ел – екі жүйе» формуласы аясында Гонконг тұрғындарының бостандықтары мен құқықтарын сақтауға уәде берген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG