Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі биылғы жылдың төртінші тоқсанындағы кедейліктің ең төменгі шегін белгіледі.
Ресми баспасөзде жарияланған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың жарлығы бойынша, төртінші тоқсандағы кедейліктің ең төменгі шегі елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы көлемінде белгіленген.
Қазақстанда ресми белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі 2014 жылдың 1 қаңтарынан бері 19 мың 966 теңгені құрайды.