Accessibility links

Қазақстан су добынан Азиада алтынын алды


Су добынан Қазақстан құрамасының қақпашысы Александра Захарованың Жапониямен ойында кезекті шабулдан қорғанып тұрған сәті. Инчхон, 22 қыркүйек 2014 жыл.
Су добынан Қазақстан құрамасының қақпашысы Александра Захарованың Жапониямен ойында кезекті шабулдан қорғанып тұрған сәті. Инчхон, 22 қыркүйек 2014 жыл.

Cу добынан Қазақстан ерлер құрамасы финалда Жапонияны 7:6 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстан командасы топтық кезеңде Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Кореяны ұтып, жартылай финалда Қытайды 11:9 есебімен жеңген. Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы 1998, 2002 және 2010 жылдары өткен Азия ойындарында да чемпион атанған.

Осыған дейін су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алған еді.

Бұдан өзге гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде үшін өткен матчта Қытайды 27:26 есебімен ұтып, үшінші орын алды. Қазір Қазақстан құрамасында 16 алтын, 17 күміс және 25 қола медаль бар.

Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG