Accessibility links

Цукановтың ісін әкімшілік сот қарап жатыр


Азаматтық белсенді Андрей Цуканов.
Азаматтық белсенді Андрей Цуканов.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 1 қазанда азаматтық белсенді Андрей Цукановтың азаматтық ісі бойынша сот отырысы басталды. Белсенді "қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ" озбырлық танытты деп айыпталып отыр.

Әкімшілік іс қозғалуына Цукановтың шілде айында Балқаштағы психиатрлық клиникада "мәжбүрлі түрде" емдеуден өтіп жатқан құқық қорғаушы Зинаида Мухортовадан видеокамерамен сұхбат алып, оны интернетке салуы себеп болған. Балқаш қаласының полициясы Цукановтың бұл іс-әрекетінен "озбырлық" белгілерін тапқан.

Мухортованың туысы Наталья Абенттің Азаттыққа телефон арқылы хабарлауынша, сот отырысы куәгерлерден жауап алудан басталған. Полиция сотқа Зинаида Мухортовадан жаздырып алдық деген түсінік хатты көрсеткен. Бірақ сот Мухортова психиатрлық клиникада жатқандықтан оның айтқандарын дәлел ретінде қолдана алмайтынын айтып, түсінікті қабылдаудан бас тартқан.

Әкімшілік кодекстің озбырлық таныту туралы бабы бойынша Андрей Цукановқа бес айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 50 АҚШ доллары) айыппұл салынуы мүмкін.

Келесі сот отырысы 7 қазанда өтетін болды.

XS
SM
MD
LG