Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарқара» автокөліктік маусымдық өткізу-бақылау бекетінің жұмысы 2014 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазТАГ және жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.
«Қарқара» автокөліктік өткізу пункті 1 қарашаға дейін күндіз, сағат таңғы 8.30-дан кешкі 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісім бойынша бұл бекет - халықаралық өткізу-бақылау пункті. Ол Қазақстанның Алматы облысы Райымбек ауданы мен Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Түп ауданы арасында орналасқан.
Маусымдық бекеттің 2014 жылғы жұмысы 16 мамырда басталған еді.
Қазақ-қырғыз шекарасында он шақты өткізу бекеті бар.