Accessibility links

Лавров: Украинадағы бітім сақталуы тиіс


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 3 қазан күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сөйлесті.

Ол Керриге "Украинаның шығысында жарияланған бітімді сақтау маңызды" екенін айтқан.

Алайда Украина мен ресейшіл сепаратистер Донецк әуежайында атысып жатыр. Үкімет әскері Донецк әуежайын қорғап тұрғандарын хабарласа, сепаратистер оны басып алғанын айтады.

Лавров Украина билігін "бітімді сақтауға", сепаратистер шоғырланған Донецк қаласын атқыламауға шақырды. 3 қазан күні Ресей сыртқы істер министрлігі "Украина әскерінің қаланы атқылауы кесірінен" Қызыл Крест ұйымында жұмыс істейтін швейцариялық азаматтың қаза тапқанын хабарлады. Ресей шенеуніктерінің айтуынша, ол Украина әскері бақылайтын аумақтан шығып, Донецк қаласына келген.

Атысты тоқтату туралы 5 қыркүйекте бітім жасалғалы бері кеше алғаш рет Донецкінің орталығы атқылауға ұшырады. Қызыл Крест Швейцария азаматы Лоран Дюпаскьенің қазасын "гуманитарлық құқықты бұзу" деп атады. Уркаина сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырған.

XS
SM
MD
LG