Accessibility links

Болгарияда бүгін кезектен тыс сайлау өтеді


"Атака" әсіре-оңшыл партиясының жетекшісі Волен Сидеров жақтастары алдында сөйлеп тұр. Казанлак, Болгария, 23 қыркүйек 2014 жыл.
"Атака" әсіре-оңшыл партиясының жетекшісі Волен Сидеров жақтастары алдында сөйлеп тұр. Казанлак, Болгария, 23 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Болгарияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлауға 18 саяси партия мен 7 коалиция үміткерлері бәсекеге түсіп жатыр. Елдің сайлау заңнамасы бойынша, парламентке өту үшін сайлаушылардың кемінде 4 пайызының қолдауы қажет.

Сайлау барысын 7 мыңға жуық бақылаушы қадағалайтын болады, орталық сайлау комиссиясында ресми тіркелген алты социологиялық агенттік өкілдері сайлау учаскелерінде дауыс беріп шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізеді.

Биыл мамыр айында Еуропарламент сайлауында биліктегі социалистер партиясының жеңілуі елде саяси дағдарысқа ұласқан еді. Сол жолы сайлаушылар қолдауына ие болған «Болгарияның еуропалық дамуын қалайтын азаматтар» партиясы социалистерді қатаң сынға алды. «Цензурадан ада Болгария» сияқты жаңадан қосылған саяси күштер де билікке келу ниетін танытты. Социалистер арасына жік түсіп, ақыр соңында саяси лидерлер елде кезектен тыс сайлау өткізу қажет деп шешкен еді.

XS
SM
MD
LG