Accessibility links

Могерини: ЕО шығыстағы елдерге назар аударуы қажет


ЕО сыртқы саясат жөніндегі жаңа комиссары Федерика Могерини.
ЕО сыртқы саясат жөніндегі жаңа комиссары Федерика Могерини.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары болып жаңадан тағайындалған Федерика Могерини өз кандидатурасын бекіту жөнінде Еуропа парламентінде өткен тыңдауда ЕО шығыстағы көршілеріне баса назар аударуы тиіс деп мәлімдеді.

Ол Еуроодақ Украинаға қауіпсіздік, саяси институттарды реформалау, экономикалық және энергетикалық проблемаларды шешу тұрғысында толық қолдау көрсетуі тиіс деп біледі.

Могерини ЕО Ресейдің Молдова және Грузия сияқты басқа да көршілерін қолдап, сонымен бірге Армения, Әзербайжан және Беларусьпен де тығыз ынтымақтастық орнатқаны жөн деп санайды.

Жаңа комиссардың пікірінше, Ресей – әлемдегі стратегиялық мемлекет саналады және Украинаның көршісі. Ол ЕО таяу бес жылда Ресеймен қарым-қатынасын қайта қарауы қажет болады деген ойын білдіріп, «Ресеймен өз қауіпсіздігіміз үшін ынтымақтасуымыз керек» деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG