7 қазан күні Қырымда 25 жастағы Эдем Асановты соңғы сапарға шығарып салды. Оның жансыз денесі Евпатория маңындағы иен ғимараттардың бірінен табылған еді. Алдын ала деректер бойынша, жас жігіт ақтық сөзі жазылған хат қалдырған соң өзіне өзі қол салған. Бірақ туыстары мен жақындары Эдем өзін өзі өлтірген дегенге сенбейді.
Қырымда Эдем Асановпен қоштасты

1
Жақындары Эдемді соңғы рет 29 қыркүйекте көргендерін айтады.

2
Содан бері одан хабар-ошар болмаған.

3
Кейін, ұлдарының жоғалып кеткеніне алаңдаған туыстары құқық органдарына Эдемнің жоғалып кеткені туралы өтініш жазып, бұл туралы баспасөз құралдарына хабарлаған.

4
Арада апта өткенде Эдем Асановтың қазасы туралы хабар тарады.

5

6
Туыстарының айтуынша, Евпатория маңындағы иен ғимараттардың біріне келген ойын балалары ол жерден жас жігіттің жансыз денесін көрген. Олар суыт хабарды дереу полицияға жеткізген.

7
Эдем Асановтың денесі асылып тұрған күйі табылған. Оның денесі сол жерде аптаға жуық уақыт бойы ілулі тұрған. Сонымен бірге оның бойынан ақтық сөзі жазылған хат табылған.