Accessibility links

ҚМДБ: Қажылықта екі қазақстандық қайтыс болды


"Қажылық сапарға" бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр. Алматы, 16 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қажылық сапарға" бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр. Алматы, 16 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Сауд Арабиясына қажылық сапарында екі қазақстандық қайтыс болды деп хабарлады бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз қызметі.

ҚМДБ ақпаратында қажылық сапары кезінде «69 жастағы Баба Никан есімді ер кісінің жол апатынан және 75 жастағы Ботан Жүсіпова есімді әйелдің кенеттен жүрек-қан тамырлары ауруынан қайтыс болғаны» айтылған. Діни басқарма марқұмдардың қажылық рәсімінен тыс орындарда көз жұмғанын хабарлады. Қажылық миссиясының құрамындағы дәрігерлер оларға көмек көрсеткенімен, аман алып қала алмағанын айтады.

Мұсылмандық әдет бойынша, қажылық сапарда жүріп қайтыс болған мұсылманның денесі сол жақта жерленеді.

Биыл қажылық қыркүйек айының соңында басталған. ҚМДБ мәліметі бойынша, Қазақстанға қажылыққа 2009 жылы 2800 квота бөлінсе, биыл квота саны 5 мыңға жеткен. Қажылыққа барушыларды тасымалдаумен жергілікті 20 туристік компания айналысқан. Қажылық миссиясының құрамында 25 имам, 4 дәрігер, екі уағызшы болған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG