Accessibility links

Ақтөбеде иісшіл итке ескерткіш қойылды


Ақтөбе түбіндегі Қызылжар ауылында Беда атты иісшіл неміс овчаркасына қойылған ескерткіш.
Ақтөбе түбіндегі Қызылжар ауылында Беда атты иісшіл неміс овчаркасына қойылған ескерткіш.

Ауған соғысына қатысқан ақтөбелік ардагерлер Беда атты иісшіл неміс овчаркасына ескерткіш орнатты. Темір-бетоннан құйылып, сырланған ескерткіш Ақтөбеден 18 шақырым жердегі Қызылжар ауылында тұғырға қойылды.

Ит иесі, ауған соғысының ардагері Мейірғали Қалдығұловтың «Ника-Ақтөбе» хайуанаттарды қорғау орталығы да сол жерде орналасқан. Ауған соғысында иісшіл иттердің көмегімен сан рет аман қалған сапер бұралқы ит көрсе, осы орталыққа әкеп асырайды.

– Әскерде ауыр жараланып, төсек тартып қалған кезімде Беда ас ішпестен мен жатқан госпитальді күзетті. Елге ораларда командирімнің рұқсатымен өзіммен бірге ала келдім. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» демеуші ме еді. Беда 2010 жылы жоғалып кетті, - дейді Мейірғали Қалдығұлов.

Бұрынғы сапердің қаруластары иісшіл итке қойылған ескерткішті «достықтың символы» деп сипаттап отыр.

XS
SM
MD
LG