Accessibility links

Назарбаев "Лукойл" басшысымен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Лукойл" компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев пен Алекперов компанияның Қазақстанның мұнай-газ саласының дамытуға араласуы, түрлі инвестициялық жобаларды іске асыру жайын талқылаған.

Бұған қоса кездесуде "Лукойлдың" Каспий теңізінде жұмыс істеп жатқан жаңа жобалары туралы да әңгіме болған.

"Лукойл" - Ресейдегі үлкендігі жағынан екінші ірі мұнай компаниясы. Вагит Алекперов бұған дейін батыс елдерінің Ресейдің Украинаға қатысты саясатына байланысты салған санкциялары компанияға кері әсер етіп, қиындықтарға тап болғанын айтқан. Кейін компания Украинадан кететінін мәлімдеп, Орталық Еуропаның үш елі - Чехия, Венгрия және Словакиядағы газ құю станцияларын сататынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG