Accessibility links

Төбелес кесірінен Сербия-Албания футбол матчы өтпеді


Сербиямен матч кезінде жаппай тәртіпсіздіктер шыққан соң футбол алаңынан қашып бара жатқан Албания ойыншылары. Белград, 14 қазан 2014 жыл.
Сербиямен матч кезінде жаппай тәртіпсіздіктер шыққан соң футбол алаңынан қашып бара жатқан Албания ойыншылары. Белград, 14 қазан 2014 жыл.

Белградта Албания мен Сербия құрамалары арасында футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы ойыншылардың өзара төбелесі кесірінен өтпей қалды.

Ойын кезінде стадионның үстінен ұшырылған пилотсыз ұшақтағы Албания туын серб командасы ойыншыларының бірі жұлып тастаған соң қарсылас ойыншылармен арада жанжал туған. Ондаған жанкүйер ойын алаңына шығып кеткен соң іс насырға шауып,

Жарты сағаттық үзілістен соң матчке төрелік етуші ағылшын Мартин Аткинсон ойында тоқтату туралы шешім қабылдады. Сербия мемлекеттік телеарнасы жанжалға себеп болған туға байланысты стадиондағы арнайы орындар бөлігінде (VIP) Албания премьер-министрі Эди Раманың бауыры ұсталғаны туралы хабарлады. Албаниялық жанкүйерлерге ойынға қатысуға тыйым салынған.

Бұрын Сербияның құрамдас бөлігі болған Косово тәуелсіздігін жарияланған соң Балкандағы бұл екі елдің қарым-қатынасында күрделі жағдай қалыптасқан.

XS
SM
MD
LG