Алматыда 10-Қазақстан сән аптасы (KFW) басталды. Биылғы fashion-шара екі бөлімнен - Алматы (16–18 қазан) және Астана (23–24 қазан) сессияларынан тұрады. Бұл сессияларда Қазақстан, Грузия және Украинаның 26 дизайнері 2015 жылға арналған көктем-жаз коллекцияларын көрсетеді. KFW сән апталарының әлемдік графигіне енген. Ол туралы ақпарат Еуропадағы сән орталықтарына да беріледі. Алматы сессиясы Almaty Towers-тегі «Рахат Лукум» сауда орталығының ball-room залында өтіп жатыр. Мұнда оны оффлайн режимінде төрт жарым мыңнан аса адам көре алады. Алматы, 16 қазан 2014 жыл.