Accessibility links

Шымкенттегі гүлдесте көрмесі

Шымкентте Қала күніне орай (18 қазан) күзгі табиғи гүлден жасалған композициялар көрмесі өтті. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек «Көрмені мектеп мұғалімдері мен оқушылар ерікті түрде, өз қаражаттарына қала тұрғындары үшін ұйымдастырды. Гүлдестелерді мұғалімдер жетекшілігімен оқушылар жасады» дейді. Көрмеге қойылған композицияларда ұлттық оюлар, Қазақстан мемлекеттік рәміздері, оқушылардың туған қаласына деген махаббаты, тіпті қазіргі ресми насихат та көрініс тапқан. Фотогалерея авторы - Дилара ИСА.

XS
SM
MD
LG