Accessibility links

АҚШ Кобаниде күрдтерге әуеден қару-жарақ түсірді


Сирияның Кобани қаласындағы ұрыс. 17 қазан 2014 жыл.
Сирияның Кобани қаласындағы ұрыс. 17 қазан 2014 жыл.

АҚШ әскерінің орталық қолбасшылығы Сирияның Түркиямен шекарасындағы қоршауда қалған Кобани қаласына десанттық әдіспен қару-жарақ пен дәрі-дәрмек жеткізді. Әуеден түсірілген жүктер қалада «Ислам мемлекеті» радикалдық тобымен соғысып жатқан күрд жасақтарын қолдауға арналған.

АҚШ әскери басшылығының хабарлауынша, 19 қазанға қараған түні халықаралық коалиция күштері Түркия территориясы арқылы күрдтерге жүк жеткізілуіне кедергі келтірмек болған экстремистерге қарсы 11 әуе рейді жүргізілген.

Сириялық құқыққорғаушылардың дерегінше, соңғы екі тәулікте Кобани қаласындағы ұрыстарда «Ислам мемлекеті» жағынан 70-ке тарта адам мерт болған.

АҚШ әскерінің орталық қолбасшылығы Таяу Шығыс, Шығыс Африка және Орталық Азия аймақтарында әскери операция жүргізілген жағдайда америкалық әскерилерді басқару және іс-қимылдарды жоспарлауға жауап береді.

XS
SM
MD
LG