Қазақстандық Әнуар Ахметов жүзуден Инчхонда өтіп жатқан Параазиялық ойындардың чемпионы атанды. Ол 100 метрге шалқалап жүзуден үздік нәтиже көрсетті. Ахметов 100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлде жеңіп алды.
Көзі нашар көретіндер категориясында сынға түскен Ахметов жарыстың алғашқы күні екі күміс медаль алған еді.
Жүзуден Қазақстан спортшылары Дмитрий Ли мен (екі қола) мен Мансурбек Ибрашев (бір қола) та Параазиялық ойындардың жүлдесін иеленді.
Мүгедектер арбасында билеу спорты бойынша Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегланова да қола медальға қол жеткізді.
Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан 1 алтын, 4 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 18-орында тұр. Бұл сында Қазақстан параазиялық құрамасы 2 алтын, ал барлығы 20 медаль алуды жоспарлап шыққан.
Жарыс 24 қазанда аяқталады.