«Союз «Национальная память» («Халық жады» одағы) бүкілукраиндық қоғамдық ұйымы бұған дейін екінші дүниежүзілік соғыс уақытында құрбан болғандардың қабірлерін тауып, онда жерленгендердің аты-жөнін анықтаумен шұғылданып келген еді. Енді ұйым қызметкерлері Донбасста ұрыс аймағында қаза тапқан украиналық сарбаздардың сүйектерін жерден қазып алып (эксгумация), олардың кімдер екенін анықтап жатыр. Қыркүйек айының басынан бері олар 150-ден аса адамның денелерін тапқан.
Донбастағы эксгумация

1
Адам жерленген қабірді ашу (эксгумация)

2
Қабірден табылған адамның үстіндегі киімнің жұрнағы.

3
Мәйітпен бірге қабірден табылған кейбір заттар.

4
Қабірді ашу жұмыстары.

5
Қабірден табылған сүйектер арнайы қаптарға салынды.

6
Қабірден қазып алынған сүйектер салынған қаптар.

7
Украиналық сарбаздардың денелері табылған жердегі бекініс орындары

8
Әскери техника оқ астында қалған жердегі эксгумация жұмыстары.

9
Ұрыс болған жердегі эксгумация.