Алматының Алмалы ауданындағы «Барыс-4» базары жарылғыш затқа байланысты күдікпен қоршауға алынды деп хабарлады оқиға куәгерлері. Ол базарда жұмыс істейтінін айтқан Галина есімді адамның Азаттыққа мәлімдеуінше, кәсіпкерлерге жұмыс орындарын жауып, тезірек кетуге бұйырған.
Ал Инна есімді жергілікті тұрғын бір сағат бұрын базар тұрған көше жабылып, көлік жүрмей жатқанын, ал жаяу жүргіншілер емін-еркін өтіп жатқанын айтты.
Қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары полицияның "базар маңында белгісіз біреу жарылғыш зат ұстап тұр" деген мәліметті тексеріп жатқанын жариялады.