Донецк әуежайын қорғап тұрған украиналық сарбаздар қаза тапқан танкистің денесін ұрыс алаңынан алып шықты. Азаттықтың Украин қызметінің тілшісі Сергей Лойконың фоторепортажы.
Қаруластың денесін майданнан алып шығу

1
Өртенген әскери танк ұрыс алаңында қалды.

2
Жауынгерлер шайқас жүріп жатқан жерден тапқан жәшікті қаза тапқан танкистің денесін салатын уақытша табыт ретінде пайдаланды.

3
Сепаратистер жаудырған оқ астында қарулас серіктері марқұмның денесі салынған жәшікті сырты темірмен қапталған көлікке тиеп жатыр.

4
Сарбаздар мәйіт салынған жәшікті көліктің үстіне байлап тастады. Бұл уақытта сепаратистер оларға оқ атуын тоқтатқан жоқ.

5
Көлікке тиелген жәшікпен танкистің денесі ұрыс алаңынан шығарылған соң украиналық сарбаздар шайқасты қайта жалғастырды.

6
Ұрыс алаңында мерт болған танкистің сүйегін үйіне жіберу үшін басын бәйгеге тіккен бұл жігіттің есімі – Славик. Ешкім айтпаса да, марқұмның денесін оқ пен оттың ортасынан алып шығуға өзі сұранып шыққан ол мәйіт тиеген көлікті жөнелткен соң әуежайды қорғауға қалды.

7
Бұл жігіт те ұрыста қаза тапқан қарулас серігінің сүйегін алып шығуға атсалысып, сосын әуежайды қорғауға қалды.

8
От пен оқтан бүлінген ғимарат жанында қалған танк қаңқасы.