Accessibility links

ДСҰ: Эбола құрбаны 4877-ге жетті


Либериядағы Эбола вирусымен күрес шаралары. 13 қазан 2014 жыл.
Либериядағы Эбола вирусымен күрес шаралары. 13 қазан 2014 жыл.

15 қазаннан бері Эбола вирусынан көз жұмғандар саны 322 адамға артып, 4877-ге жетті деп хабарлады 22 қазанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ).

ДСҰ індет ошағы - Батыс Африка елдеріндегі жергілікті жағдайдың күрделілігінен санақ тым баяу жүріп жатқандықтан қайтыс болғаны расталған адамдар саны кейде күрт көбейіп кетеді деп түсіндіреді.

ДСҰ Эбола індеті табылған жеті елді екі топқа бөледі. Алғашқы топқа індеттен ең көп зардап шеккен Либерия, Сьерра-Леоне, Гвинея елдері кіреді.

Екінші топқа індеттен азырақ зардап шегіп отырған Сенегал, Нигерия, Испания мен АҚШ жатқызылған. Өткен аптада Сенегал мен Нигерияда эпидемия аяқталды деп жарияланған. Испанияда жағдай вирус жұқтырған науқас ауруынан айыққаннан 42 күннен кейін белгілі болады.

АҚШ территориясында Либерияда жұмыс істеп, Эбола жұқтырып келген дәрігер қайтыс болған. Тағы екі медбике науқастанып жатыр.

XS
SM
MD
LG