Accessibility links

Министр: Қазақстан экономикасының өсімі баяулайды


23 қазан күні Қазақстанның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев "2014 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсімі 4,3 пайыз болуы мүмкін" деп мәлімдеді.

Досаев парламент мәжілісіне 2014-2016 жылғы республикалық бюджетке түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын таныстыру кезінде "Қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, 2014 жылдың қорытындысында ЖІӨ өсімі 4,3 пайыз болады деп болжап отырмыз. Бұл - бұған дейінгі болжамнан 1,7 пайызға төмен" деген.

Досаевтің сөзіне қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі алдын-ала есептеу бойынша 4 пайыз болған. Өткен жылдың осы кезеңіндегі өсім 5,7 пайыз болған еді. Досаев бұған қоса, "жыл соңына дейін инфляция деңгейі 6-8 пайыз шамасында сақталады" дейді.

Министрдің айтуына қарағанда, экономикалық өсімнің төмендеуіне негізінен мұнай өндіру, түсті металлургия өндірісі мен машина жасау өнеркәсібі көлемінің азаюы және сыртқы сауда айналымының бәсеңдеуі себеп болған.

XS
SM
MD
LG