Accessibility links

АҚШ-та мектептегі атыстан екі адам қаза болды


АҚШ полиция көліктері. (Көрнекі сурет)
АҚШ полиция көліктері. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы мектепте болған атыс салдарынан екі адам мерт болып, кемінде төрт кісі жараланған. Жергілікті баспасөз құралдарының ресми тұлғаларға сілтеп хабарлауынша, қаза тапқандардың бірі – мектепте оқ атқан оқушы. Ол оқиға орнында өзін өзі атып өлтірген деген болжам бар. Жараланып ауруханаға жеткізілген төрт адамның үшеуінің ауыр халде екендігі хабарланды.

Баспасөз құралдарының деректері бойынша, атыс жұма күні жергілікті уақытпен күндізгі сағат 11 кезінде мектеп асханасында басталған. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, аудандағы барлық мектептер жабылған.

Төтенше оқиға болған мектеп оқушыларының бірі MSNBC телекомпаниясына оқ атқан жасөспірім ұлды «мінезі қызба болған» деп сипаттап, жақында оның басқа бір оқушымен жанжалдасып қалғанын айтқан.

Жергілікті билік әзірше мектептегі атысқа не себеп болғаны қазір анықталып жатқанын айтумен шектелді.

XS
SM
MD
LG