Accessibility links

"Алтын жүрек-2014" сыйлығы тапсырылды


«Алтын жүрек» жүлдесі тапсырылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

ВИДЕО: «Алтын жүрек» сыйлығын тапсыру рәсімі. Алматы, 27 қазан 2014 жыл.

Алматыда 27 қазанда Абай атындағы опера және балет театрында жыл сайынғы «Алтын жүрек» қоғамдық сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. «Бауыржан» қайырымдылық қоры тағайындаған сыйлық түрлі салада қайырымдылық, қамқорлық шараларын жасағандарға он бір номинация бойынша беріледі.

Биыл «Алтын жүрек» сыйлығы «Жетім балаларға көмегі үшін» номинациясы бойынша Айдын Рахымбаевқа, «Білім саласын қолдағаны үшін» номинациясында – «ЕМШАН-EMSHAN Co» компаниясына, «Мүгедектерге қамқорлығы үшін» – Әсия Ахтановаға, «Спортты дамытып, қолдағаны үшін» – Дәулет Тұрлыхановқа, «Ардагерлерге қамқорлығы үшін» – Дәурен Тәліповке, «Жыл меценаты» номинациясыда – Майра Ілиясоваға, «Ақпараттық жәрдемші» номинациясы бойынша «SHAHAR» телерадиокомпаниясына, «Жыл жәрдемшісі» номинациясы – Талғат Салфиковке, «Жыл мекемесі» номинациясы бойынша «Әскерилендірілген теміржол күзеті» компаниясына, «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» – Алматы онкологиялық орталығына және «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» – Камохара Масаесиге табыс етілді.

Қазақстанда дәстүрлі «Алтын жүрек» сыйлығы 2007 жылдан бері тапсырылып келеді.

XS
SM
MD
LG