Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкцияларды күшінде қалдырды


Еуропа Одағының туы. (Көрнекі сурет)
Еуропа Одағының туы. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін салынған санкцияларды күшінде қалдырды.

Бұған дейін ЕО елдері Украинадағы жағдайды саралап, санкцияларды алу не азайту әлде күшіне қалдыру туралы шешім қабылдайды деп жоспарланған.

Италия мен Венгрия Ресейге салынған санкциялар нәтиже берген жоқ деп санайды. Бірақ санкцияларды алып тастау үшін бұл мәселеде ЕО-ның барлық мүшелерінің келісімі болуы қажет. Мысалы, Литва Ресейге қарсы шараларды қатаңдату керек деп біледі.

XS
SM
MD
LG