Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарындағы қарулы ресейшіл сепаратистер 2 қараша күні осы аймақтарда өздері жариялап алған «халық республикалары» басшысы мен парламентке «сайлау» өткізбек. Еуропа Одағы мен АҚШ бұл «сайлау» Украина заңымен бірге биыл қыркүйек айының басында Минскіде жасалған бітім туралы келісімге де қайшы болғандықтан заңсыз деп біледі. Бірақ Ресей билігі Шығыс Украинадағы «сайлауды» заңды деп тануға әзір екенін мәлімдеген.
«Новороссия» елесі
28
Донецк қаласынан шығысқа қарай 120 километр жердегі Украина мен Ресей шекарасындағы бекетте күзетте тұрған ресейшіл сепаратист. 14 қазан 2014 жыл.
29
Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қарулы қақтығыстар кесірінен газсыз, жарықсыз және сусыз қалған Спартак селосының тұрғындары даладағы ошақта ас әзірлеп жатыр. Донецк облысы, 21 қазан 2014 жыл.