Accessibility links

Казкоммерцбанк алаяқтық жайлы ескертті


Kazkom банктің Алматыдағы жарнамасы. (Көрнекі сурет)
Kazkom банктің Алматыдағы жарнамасы. (Көрнекі сурет)

«Казкоммерцбанк» клиенттерін соңғы кезде банк атын жамылып алаяқтық жасау әрекеттері көбейіп кеткені жайлы ескертті.

Банк Азаттыққа жолдаған хатында алаяқтар клиенттеріне банк атынан жалған электронды почталар арқылы хат жолдап, өздеріне жеке мәліметтерін – банктің Homebank.kz интернет-банкинг жүйесіндегі идентификаторын немесе құпия сөзін, банк карточкаларының реквизиттерін сұрайтынын айтады.

Банк клиенттеріне алаяқтардың алдауына түсіп қалмау үшін мұндай электронды хаттарға жауап қайтармауды, сонымен бірге таныс және бөтен адамдарға банктегі есеп-шотының, я банк карточкасының мәліметтерін бермеуді ескертеді.

XS
SM
MD
LG