Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахтада жарылыс болып, бір адам қаза тапқан. Бұл туралы бүгін Азаттыққа компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақмыс" корпорациясы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, апат корпорацияның "Жезқазғантүсті металл" кәсіпорнының Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі 65-шахтасында қарашаның 4-і күні түнгі сағат үш жарым шамасында болған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс тау-кен жұмыстарын атқару кезінде болған. Алдын-ала ақпарат бойынша, бір жұмысшы қаза тауып, біреуі жарақаттанған.