Accessibility links

Квартиранттың арманы


Бейбіт Жарқын, Азаттықтың блог байқауына қатысушы
Бейбіт Жарқын, Азаттықтың блог байқауына қатысушы

"Сонда өмір бойы осылай жүреміз бе" деген қорқынышты ойлар да мазалайды.

Арман дегенге, шіркін, кім жете алған? Армандамайын десең де, көз алдыңда көлбеңдеп тұрады ғой, жарықтық...

Халқымыз «Армансыз адам - қанатсыз құс» деп текке айтпаса керек.

Қазіргі жаһандануға аяқ басқан заманда арман көп- ақ...

Басты арманым - елімнің амандығы мен жұртымның тыныштығы. Десе де, пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүрген ағайындарымызды көргенде, көкейде тағы бір арман қылаң беретіні өтірік емес. Баспана мәселесінің ең өзекті мәселе екені мен айтпасам да, белгілі емес пе? Өз еліңде тұрып, «жетімнің» өмірін кешкендей болып қаласың кейде. Біздің алатын тиын-тебеніміз бір бөлмелі пәтер алуға да жақындамайды. "Сонда өмір бойы осылай жүреміз бе" деген қорқынышты ойлар да мазалайды. Елімізде құрылыс көп жүріп жатыр, түсімізде ғана көретін неше қабатты үйлер де бой түзеуде, бірақ олардың биіктігі қандай көк тіресе, біздің баспанаға қол жеткізуіміз де сондай биікте ме деп қаламын. Қолымыздың жетеріне күмәнім бар, несін жасырайын?

Шіркін деп отырып жазған бірер шумақ өлеңіме өз арманымды сыйдырғандаймын.

Тамаша тегін заман келген екен,

Өкімет бір-бір үйден берген екен.

Тұратын көкті тіреп жүз қабатты,

Жеке үй қазағыма болған мекен...

Тамаша бір басымда бес бөлме екен,

Жуынар жері-дағы қос бөлме екен.

Дем алар үйім жеке бір аралда,

Өткізем күнде солай кештерді мен!

Тамаша бассейні хауыз екен,

Мың метр аралығы дәліз екен.

«Өз үйім-өлең төсек» деп әндетіп,

Жегенім қазы-қарта, бәліш екен...

Тамаша осылай бір келген екен,

Әркімде мың текшелі жерден екен.

Заманға лайық етіп үй салсын деп,

Өкімет жерді тегін берген екен...

Тамаша, үй қайғысы шешіліпті,

Несиені алған банктер кешіріпті.

Өзге ұлт үйімізге аң-таң қалып,

«Ғажап!» деп көзі тоймай тесіліпті.

Ее.., бұл сенің тек ғана арманың ғой!!!

Бейбіт ЖАРҚЫН

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

XS
SM
MD
LG