Accessibility links

Ерлан Арын тағылған айыпты мойындамады


Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын өзіне тағылған «пара алу», «алаяқтық» және «қаржы жымқыру» айыптарын мойындаудан бас тартты. Бұл туралы ол бүгін Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған қылмыстық істер сотында өткен тыңдауда мәлімдеген.

Тергеу ісі бойынша Ерлан Арынға «алаяқтық жолмен кәсіпкерден 1 миллион 650 мың теңге көлемінде қаржы жымқырған» және «кәсіпкерден тендерді ұтып алу үшін бес миллион теңгеден көп пара алған» деген айыптар тағылған.

Ерлан Арынды биыл наурыздың басында қаржы полициясы Павлодар облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тұтқындаған. Әуелде оған «ұйымдасқан қылмыстық топ» құрды, «бюджет қаржысын ысырап қылып, иеленді» деген айыптар тағылған. Бірақ кейін облыстық прокуратура істі қарап, айыптардың кейбірін алып тастаған.

XS
SM
MD
LG