Accessibility links

Армандар өседі


Азаттықтың блог байқауына қатысушы Гүлжазира Айкөргенқызы жіберген көрнекі сурет
Азаттықтың блог байқауына қатысушы Гүлжазира Айкөргенқызы жіберген көрнекі сурет

Тек дұрыс армандай білу керек және әрқашан алға ұмтылып еңбектену керек.

Алдымен бір бөлмеде туылды, кішкентай періште жатын кереуетте отырып ойнайтын, өсіп тәй-тәй басқан балаға бұл жер тар көріне бастады, күні бойы бөлмені жағалап айналумен болады.

Төрде - кереует, сол жақта - шкаф, оң жақта - тумба үстінде теледидар, жанында - бесік пен жеңіл арба (коляска), сонда бос жер қалды ма? Әрине қалды, кіріп шығатын жол бар ғой әйтеуір.

Алладан үмітімді ешқашан үзген емеспін, бір күні жаңа үйге көштік. Сол үйге көшкен күн есімде, қызым қуаныштан айқай салып сол үйдің төрінен есікке дейін жүгіріп шапқан еді. Балалар басы екеу болды.

"Анашым, біз өссек, мына үйге сыймаймыз ғой" дейді.

"Жоқ балапаным сен жаңа туылғанда кішкентай бөлме ғана болған, сен жүгіріп өсіп бастағанда үйлі болдық, енді сенің сіңлің бар, екеуің өссеңдер бұдан үлкендеу бәріміз сиятын пәтер аламыз".

"Анашым бірақ оны бізге кім береді?"

"Сен Алладан сұра, Алла сұрағаныңның бәрін береді, ал әкең мен анаң еңбектеніп, көп ақша жинау қажет. Сендер өскен сайын армандар да өсе береді."

Тек дұрыс армандай білу керек және әрқашан алға ұмтылып еңбектену керек.

Гүлжазира АЙКӨРГЕНҚЫЗЫ

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

XS
SM
MD
LG