Accessibility links

АҚШ пен Қытай климат өзгерісімен күрес жоспарын жариялады


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Қытай президенті Си Цзиньпин. Пекин, 12 қараша 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Қытай президенті Си Цзиньпин. Пекин, 12 қараша 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Қытай президенті Си Цзиньпин климаттың өзгеруімен күрестегі жаңа жоспарларын жариялады. Бұл жайында қарашаның 12-сі күні екі ел басшылары Пекиндегі келіссөздерінің қорытындысында мәлімдеді.

Обама 2025 жылға қарай АҚШ-та ауаға шығатын парник газының көлемін 28 пайызға дейін азайту мақсаты қойылып отырғанын айтты. АҚШ 2005 жылы бұл көлемді 26 пайызға дейін кемітуді көздеген.

Си Цзиньпин Қытайдың парник газын шығару көлемі 2030 жылы ең жоғарғы көрсеткішке жететінін айтып, пайдалы қазба түрлерінен өзге қуат көздерінің үлесін көбейтуге уәде берді.

Обама көп мәселелерде Қытай мен АҚШ-тың ұстанымдары алшақ екенін, бірақ Қытай тарапының конструктивті ынтымақтастық орнату ниетіне көңілі толатынын мәлімдеді.

Си Цзиньпин Обамамен «конструктивті келіссөздер» жүргізгенін және екі ел инвестиция мен әскери сенімділікті нығайту туралы екіжақты келіссөздерді жеделдетуге уағдаласқандарын айтты.

Обама Қытай басшысымен кездесуге дейін Пекинде өткен Азия-Тынық мұхит аймағының экономикалық саммитіне қатысқан еді.

XS
SM
MD
LG