Accessibility links

Шұғыла тұрғындары үйлерін сүрмеуді талап етті


Шұғыла ауылының тұрғындары даулы жер телімдері мен үйлерге қатысты билік өкіліне талап-тілектерін айтып тұр. Наурызбай ауданы, Алматы қаласы. 16 қараша 2014 жыл.
Шұғыла ауылының тұрғындары даулы жер телімдері мен үйлерге қатысты билік өкіліне талап-тілектерін айтып тұр. Наурызбай ауданы, Алматы қаласы. 16 қараша 2014 жыл.

Алматы қаласында биыл жаңадан ашылған Наурызбай ауданындағы Шұғыла ықшам ауданының 150-ден аса тұрғыны бүгін ауылда жиналып, билік өкіліне даулы жер телімдері мен ондағы үйлерге қатысты талап-тілегін жеткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Олар ауылдағы үйлерге билік тиіспесін деген талап айтып отыр. Тұрғындардың сұрауы бойынша, олармен кездесуге келген Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Ибрагим Әбілқасымов ішінде адамдар тұрып жатқан үйлерге сот шешімі шыққанға дейін ешкім тиіспейтінін айтты.

«Ол үйлер даулы болса да, оларға қатысты сот шешімі шыққанға дейін үйлер сүрілмейді. Бірақ, ауылда жаңадан үй салынбауы тиіс, құрылыс жұмыстары тоқтатылуы керек, барлығын сот шешеді» деді шенеунік.

Әкім орынбасары бұған дейін осы ауылдағы бес үйге қатысты шығарылған сот шешімі қайта қаралатынын және осы үйлердің сүрілмейтінін айтты.

Жұма күні Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Шұғыла шағын ауданының тұрғындары «заңсыз салынған» деген уәжбен олардың үйлерін сүрмекші болып отырған жергілікті биліктің шешіміне наразылық білдірген еді.

XS
SM
MD
LG