Accessibility links

Кабулдегі жарылыс


Кабулдегі жарылыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

Кабулдегі теракт кесірінен кем дегенде төрт адам қаза тапты. Ауғанстан ішкі істер министрлігі өкілі Седик Седиқидің айтуынша, жарылыс бүгін таңертең қаланың шығыс аумағында болған. Жарылғыш зат тиелген жүк көлігі коалиция әскери базасының қақпасына келіп соғылған. Екі қарауыл мерт болды. Жарылыстан соң бірнеше қарулы адам ашық қалған қақпадан базаға тап беріп, кірмек болған. Шабуылдан соң оқиға орнында шабуыл жасаушы екі адамның мәйіті табылған. Өткен аптада да жанкештілер теракт жасап, ауған полициясының жоғары лауазымды басшысы қаза тапқан еді. Терроршылар әйел депутатқа да қастандық жасады.

XS
SM
MD
LG