Accessibility links

Алматыда екінші футбол академиясы ашылды


Алматыда жаңадан ашылған футбол академиясындағы жаттығу сәті. 19 қараша 2014 жыл.
Алматыда жаңадан ашылған футбол академиясындағы жаттығу сәті. 19 қараша 2014 жыл.

Алматыда футбол академиясы ашылды, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Футбол академиясы ЦСКА спорт базасының аясында жұмыс істейді. Академия директоры Данабек Қалиаджаровтың айтуынша, футбол мектебі 2015-жылдың наурызынан бастап жас балаларды футболға баулуды бастайды. Алғашқы жаттығу тобы жасақталған.

Алматыдағы академия Голландияның "Аякс" командасымен әріптестік қатынас орнатып, балаларды осы клубтың методикасымен дайындайды.

Академияда 10-15 жастағы жас балалар оқиды.
Бұл -Алматыда ашылған екінші футбол академиясы. Биыл қыркүйекте "Қайрат" футбол командасының Тимур Сегізбаев атындағы академиясы жұмысын бастаған еді.

XS
SM
MD
LG