Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) басшысы Роберто Азеведоның айтуынша, қазір ұйымға мүше 160 мемлекеттің арасында ДСҰ-а 10 елді, оның ішінде Қазақстан мен Ауғанстанды кіргізу мәселесі белсенді талқыланып жатыр.
Reuters агенттігі сілтеме жасаған ДСҰ есебінде Роберто Азеведо Астанамен келіссөздер қазір аяқталуға жақын қалғанын, алдын-ала шешім келесі жылдың басында шығатынын айтқан.
Азеведоның сөзінше, Қазақстаннан кейін Ауғанстанның ДСҰ-ға кіру жайы шешіліп қалуы мүмкін. Бірақ, наурыз айында дайындалған келісім жобасы әлі толықтырылмаған және ол келісімге қол қою туралы келіссөздерді кейінге қалдырған Кабулдың ұсынысына қарап тұр.
ДСҰ-ға кіретін мемлекет тарифтердің төмендетілуіне және заңнамаларын импортер мен экспортердің құқықтары сақталатындай етіп ұйым ережелеріне сәйкес өзгертуге келісуі тиіс.