Accessibility links

Гонконгте полициямен қақтығыстан соң 80 шеруші ұсталды


Гонконгтегі "қолшатыр төңкерісі" деген атауға ие болған наразылық шерулері. (Көрнекі сурет).
Гонконгтегі "қолшатыр төңкерісі" деген атауға ие болған наразылық шерулері. (Көрнекі сурет).

Гонконгте полицияның баррикада құрып жатқан демонстранттармен қақтығысынан кейін 80 адам тұтқындалған.

Гонконг полициясының хабарлауынша, сот наразылық шерулерінен жабылған көшелерде көлік қозғалысын қалпына келтіруге міндеттеген соң, қала көшелеріне бірнеше мың полиция жіберілген. Полиция алғашында болмашы қарсылыққа ұшырағанымен, кейін шерушілер көшелерді қайта жапқан.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, полиция шерушілердің жетекшілерін ұстау үшін көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке таяқ қолданған.

Гонконгтың Монг Кок ауданы соңғы екі айда үкіметке наразы шерушілер мен полицияның қақтығыс алаңына айналған.

Қытайдың ерекше аймағы Гонконгте 2017 жылға тағайындалған аймақ басшысын сайлаудың демократиялық жолмен еркін өтуін талап еткен наразылық шеруі қыркүйектің соңында басталып, бір айдан аса уақытқа жалғасқан еді.

Гонконг шеруінде қойылған талаптың Бүкілқытай халық жиынында қабылданған шешімге қайшы екенін алға тартқан қытай үкіметі сайлауға түсетін кандидаттарды өзі ұсынғысы келеді.

XS
SM
MD
LG