Accessibility links

Ерлан Арын үш жылға шартты түрде сотталды


Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін осы облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынды 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға және бес жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салуға үкім шығарды.

"Сот Ерлан Арынды алаяқтық жолмен 1,6 миллион теңге қаржы жымқырды, пара алды және қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастырды деп айыптап, үш жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айырды" деді үкімді оқыған судья Қабиболла Байгөншеков.

Бұған қоса "Құрмет" және Парасат" ордендерінен де айырылған Ерлан Арын бүгін сот залынан бостандыққа шыққан.

Ерлан Арынды биыл наурыздың басында қаржы полициясы Павлодар облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тұтқындаған еді. Әуелде оған «ұйымдасқан қылмыстық топ» құрды, «бюджет қаржысын ысырап қылып, иеленді» деген айыптар тағылған. Бірақ кейін облыстық прокуратура істі қарап, айыптардың кейбірін алып тастаған.

Бұған дейінгі сот отырысында Ерлан Арын өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG