Ресейдің Россельхознадзор мекемесі бүгіннен бастап елде беларусьтік тағы сегіз кәсіпорынның етін сатуға тыйым салды. Қарашаның 24-і күні Беларусьтің 11 кәсіпорнына қатысты дәл осындай тыйым енгізілген еді.
Ресейге Беларусьтен әкелінетін еттің түгелге жуығын – шамамен 400 мың тонна етті (300 миллион АҚШ долларына бағаланатын) осы кәсіпорындар таситын.
Россельхознадзор тыйым беларусь кәсіпорындарынан «адам денсаулығына қауіпті микроорганизмдер» табылғандықтан салынды дейді. Бірақ беларусь зертханалары ет комбинаттарының өнімінен зиянды ешнәрсе таппағанын айтады.
Осы апта басында Россельхознадзор жақында Беларусьтен Қазақстанға Ресей жағының тексеруінсіз импорттық тауарларды тасымалдауға тыйым салатынын хабарлаған. Оған батыс елдерінің санцияларына жауап ретінде Ресей шетелден әкелуге тыйым салған тауар түрлерінің елге контрабандалық жолмен келіп жатқаны себеп болған.