Accessibility links

Рим Папасы Франциск Түркияға барады


Рим Папасы Франциск. Страсбург, 25 қараша 2014 жыл.
Рим Папасы Франциск. Страсбург, 25 қараша 2014 жыл.

Рим Папасы Франциск қарашаның 28-інде үш күндік сапармен Түркияға барады.

Анкарада ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және Түркияның дін істері жөніндегі департаменті басшысы Мехмет Гормезбен кездеседі. Ресми мәлімет бойынша, кездесулерде діни төзімділік және экстремизммен күрес мәселелері талқыланбақ.

Франциск Түркияға осы елмен шектес Сирияның Кобани қаласында радикалдық «Ислам мемлекеті» тобының содырлары мен күрд жасақтары соғысып жатқан тұста барғалы отыр.

Биыл жазда Сирия мен Ирактың біраз бөлігін басып алып, онда «ислам халифатын» жариялаған «Ислам мемлекеті» ұйымы өздерін қолдамаған шииттерді, йезидтер мен христиандарды қырғынға ұшыратқан.

Қарашаның 25-інде Франциск «Ислам мемлекеті» тобымен диалог орнату «мүмкін емес болса да келіссөздер есігі жабылмайды» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG