Accessibility links

Бүгін Қазақстанда тұңғыш президент күні


Қазақ ССР президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақ ССР президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.

Желтоқсанның 1-і Қазақстанда тұңғыш президент күні. Елде атаулы күнге арналған мерекелік шаралар бұдан бірнеше күн бұрын басталып, әлі жалғасып жатыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы желтоқсанда тиісті жарлыққа қол қойған соң, 2012 жылдан бастап желтоқсанның 1-і – Қазақстанның тұңғыш президенті күні – мемлекеттік мереке болып белгіленген. Мейрам күндері туралы заңға сәйкес, бұл күн Қазақстанда демалыс күні болып жарияланған.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғаш рет жалпыхалықтық төте сайлау жолымен сол кездегі Қазақ ССР-інің президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес жылдық мерзімге президент болып сайланған еді.

Содан бері осы қызметке бірнеше рет қайта сайланған Назарбаев Қазақстанды басқарып отыр.

XS
SM
MD
LG