Ресей Украина шекарасына жақын маңға әскерін жинай бастады деп хабарлады Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко. Оның сөзінше, Ресейдің Ростов облысындағы жолдарда арнайы айырым белгісі жоқ әскери көліктер украина шекарасына қарай жиі жүре бастаған. Лысенко Ресей әскери-көлік авиациясы Ростовтағы Таганрог қаласына әскер әкеліп жатқанын да айтады.
Стаханов ауданына Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) бұған дейін Луганск облысының оңтүстігінде әрекет еткен «Вымпел» арнайы бөлімшесі барғаны хабарланды.
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук Киевтегі баспасөз мәслихатында "Ресей Украинаға қарсы ашық агрессия көрсетсе, ақырында өзі құлайтынын" ескертті.