Шешенстан астанасы Грозный қаласында желтоқсанның 4-іне ауған түні полиция мен белгісіз қарулы топ арасында атыс болды. Ресми ақпаратқа қарағанда, 10 полицей қаза тауып, 28-і жараланған. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «Грозный орталығындағы ғимаратты басып алған содырлардың кем дегенде 9-ы қаза тапқанын» мәлімдеді.